Дипломалды практикасы - студенттің жалпы білім беретін мектеп базасында өз бетімен өтетін соңғы және өте маңызды практикасының түрі. 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы, 010302 3 «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» біліктілігі, 4аРШФ тобы студенті Бакаушина Татьяна Дмитриевна №18 МББК-де дипломалды практикасынан өтті. «Ойындағы ұжымдық іс-әрекет және көшбасшылық» тақырыбындағы дене тәрбиесі сабағында студент әртүрлі жұмыс түрлерін орындады: жұптық, волейбол доптарымен жұмыс, волейболда допты беру тәсілдерін жетілдіру.
Практика бойынша оқытушы-әдіскері студентпен бірге еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты оқушыларға өткізді Мұғалім-әдіскер қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құрастыруын, күнделік жүргізуді қадағалады. Сондай-ақ Татьяна Бакаушина 8Б сыныбында «Интернет ресурстары» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді, оқушыларға арналған білім беру сайттары туралы айтты, онлайн олимпиадаларды ұйымдастыру және оларға қатысу туралы түсіндірді. Оқушылар қызығушылықпен тыңдап, пікірталасқа қатысты.