30 қаңтар күні Батыс Қазақстан жоғарғы медициналық колледжінің базасында «Тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыруды әдістемелік және психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарда оқытушылар өздерінің қызықты ойларымен бөлісіп, тренинг өткізді. Біздің колледжден «Ашық жүрек» еріктілер қозғалысының ұйымдастырушысы Мазгутова Дина Ербулатовна және студенттік еріктілер фракциясының басшысы Саркисян Сусанна қатысып, баяндама оқып, тренинг өткізді. Семинар соңында сертификат алды.