ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

Орал гуманитарлық - техникалық колледжінің 4бРШФ тобының 4 - курс студенті Сисенова Карина Шамилқызы, Біріккен Араб Әмірлігіндегі, Дубай қаласында өткен ММА әлем чемпионатында жекпе - жек сайыстан шебер өнер көрсетіп, қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, 1 - орынға ие болды.

2021 жылдың 13 желтоқсан күні жыл бойы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» ІҮ фестивалі қорытындыланып, нәтижесінде колледж ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында өткен «Ұлтымыз Ұлыстың Ұлы күнін ұлықтайды» облыстық байқауының 3 дәрежелі дипломымен марапатталды. Байқауға ат салысқан барлық топ жетекшілері мен директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Отарбай Айнұр Жетіруқызын құттықтаймыз!!!

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 3аКШФ тобының студенті Хамидолла Нұркен Турция мемлекеті Стамбул қаласында өтіп жатырған Карате-до шотакан спорты бойынша әлем чемпионатында 3 орынға ие болды!

Колледждің 1 курс студенті Э.Мурзагалиева Ақтюбе облыстық жастар мен балалар ұйымдасрының қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық Колледж Аруы -2021 онлайн сайысына қатысты. Нәтижесінде Сүйкімді ару-2021 номинациясын жеңіп алды. Жетекшісі А.Ж.Отарбай грамотасымен марапатталды.

2 курс студенті Байзуллина Нұргүл Мақсұтқызы «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы жастар жылы аясында еліміздің студенттері мен магистанттарын қолдау мақсатында тұңғыш ұйымдастырылған «Үздік студенттер академиясы» жобасына қатысып «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының құттықтау хатымен марапатталды.

24-30 сәуір күндері аралығында Алматы облысында ескек есу және каное спорт түрінен Қазақстан Республикасының Чемпионатында, Батыс Қазақстан облысының құрама командасының мүшесі 2аРШФ тобының студенті Кузнецов Роман 2 орынды иеленді!!!

23-26 ақпан аралығында Алматы қаласында ММА аралас жекпе-жектен ҚР Чемпионаты өтті, "дене шынықтыру және спорт" мамандығы 3бршф тобының студенті Сисенова Карина 18-21 жас аралығындағы жастар арасындағы жарыста 56,7 кг салмақта 1 орынға ие болды

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен «Үркер» мәдениетті және өнерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай әскери-патриоттық клубтардың студенттері, әскерге шақырылатын жастар арасында өткізілген әскери –патриоттық ойынында колледж командасы I орынды иеленді.

«Ұстаз тілегі» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруыменен өткен Республикалық Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен студенттер арасында олимпиадасының жеңімпазы болып 2аКШК тобының студенті Байзулина Нұргул ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Колледждің 2 курс студенттері Республикалық «Даму» онлайн олимпиадалар орталығының ұйымдастыруымен Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өткен «Абай дара, Абай дана» атты Республикалық өнер байқауына белсенді қатысқаны үшін Байзуллина.Н, Рмильева А, Ұзақбаева А, Жамбылова.Н дипломдармен марапатталды.

Колледж студенттері БҚО ТжКБ ұйымдары студенттері арасында «Парасаттылық – жастар көзімен» онлайн байқауына белсенді қатысты. Нәтижесінде 1аКШМ тобының студенті Ә. Жігер жеңімпаз атанып, дипломмен, сыйлықпен марапатталды.

Орал гуманитарлық- техникалық колледжінің 2 курс студенттері Сагидуллина Әсем, Жамбылова Нұрбақыт және 3 курс студенті Мурзагалиева Маржан, Қанаева Балнұр, Наурызбаева Аяжан 2021 жылдың 29 қаңтар күні ҚР Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау қарсаңында үгіт-насихат жұмыстарына белсене қатысқаны үшін "Nur Otan" партиясының төрағасы, Н. Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

4б КШК топ студенті колледж белсендісі Канаева Балнұр Елбасының Рухани Жаңғыру, болашаққа бағдар мақаласын насихаттау бойынша ҚР жастарынан құралған "Алтын кітабына" енді, 1 дәрежелі диплом мен төсбелгі және куәландыратын құжатпен марапатталды

stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!
Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.