27.11 – 22.12 аралығында 01140100 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4S01140101 «Бастауыш сынып мұғалімі» біліктілігінің студенттері №3 орта мектебінде, №6 А.С. Макаренко, №32 ЖОББМ, №19 орта мектеп, №46 орта мектеп, №45 орта мектеп, №40 орта мектеп, №7 орта мектептерінің базаларында практикадан өтті.
Мақсаттары:
практика барысында студенттердің кәсіби білімін арттыру, негізгі кәсіптік біліктілік пен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес дағдыларды дамыту, белгілі бір оқу орнының жұмысын зерделеу негізінде тәжірибені кеңейту. Студенттер бастауыш сынып мұғалімінің сабақтарын бақылап, талдады. Математика, орыс тілі, әдебиетті оқыту, дүниетану, жаратылыстану, көркемдік жұмыс, дене шынықтыру, музыка сабақтарын өткізді. Оқушылардың оқу-танымдық жұмыстарын ұйымдастырудың әртүрлі кезеңдерінде оқыту әдістерінің қолданылуын бақылап, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құрды. Колледж әдіскерлері мен оқытушылары студенттердің жұмыстарын талдап, бағалап, оқу жұмысын ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсетті. Өндірістік тәжірибені адал өтеп, мектеп іс-шараларына белсене атсалысқан студенттер мектеп әкімшілігі тарапынан мақтау қағаздарымен және мақтау грамоталармен марапатталды.
Әдіскерлер: А.Б. Джамбаева К.К.Баймуханова, К.К. Косбаева, С.Б. Акболатова А.М.Сагидуллина, А.Ж. Отарбай, Д.Е.Мазгутова, Б.К.Набидоллин, А.Р. Идрисова, А.М.Сагидуллина, Б.К.Набидоллин, А.Б. Кужахметова.
[photo_gallery style="2" source="directory: images/news/14" small="3"]