10 қазан күні колледжде «АДАЛ АЗАМАТ: ОТБАСЫ, КОЛЛЕДЖ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҮНДЕСТІГІ» тақырыбында колледжішілік ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыстың мақсаты білім алушыларды адалдыққа, әділдікке және жауапкершілікке тәрбиелеу; Отбасы, колледж және қоғам арасындағы өзара байланыс пен тәрбиелік бірлікті нығайту; Ата-аналарға баланың бойында адамгершілік пен адалдық қасиеттерін қалыптастыру жолдарын түсіндіру. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Адал азамат біртұтас тәрбие тұжырымдамасы аясында жүргізіліп жатырған жұмыстарға тоқталды.
“Таза Қазақстан” акциясы – еліміздегі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Бұл акция қоғамдағы әрбір азаматтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
2025 жылдың 16 қыркүйегінде Орал гуманитарлық‑техникалық колледжінде қыз балалар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында №4 емхана жанындағы «Демеу» жастар орталығының гинеколог маманы Клара Максутовнамен кездесу ұйымдастырылды. Аталған шараға колледжіміздің 1 курсында оқитын 54 қызбала қатысты.