Колледж жаңалықтары

18 қазан күні 1аРШО тобында 25 –қазан Республика күніне орай «Цвети, живи мой Казахстан!» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізілді. Шара барысында студенттер Республика күні мерекесінің маңыздылығын айтып, Тәуелсіз елдің жеткен жетістіктеріне тоқталды. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып, туған жер, Отан, Қазақстан тақырыбында өлеңдер мәнерлеп оқылды. Топ жетекшісі студенттерге Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде атап өтілетінін мақтанышпен түсіндірді.

Колледждің 25 жылдығына орай,  25 - Қазан Республика күні қарсаңында  1-4 курс студенттері арасында Ж.Аймауытовтың 135 жылдығына арналған «Ж.Аймауытовтың педагогикалық-психологиялық мұрасы» атты колледжішілік ғылыми - тәжірибелік конференциясы өтті. 

2023 жылдың 14-15 қазан күндері РФ, Татарстан астанасы Казань каласында спорттық бағдарлаудан Татарстан республикасы чемпионаты болып өтті. Жарысқа колледжіміздің студенттері жүлдемен оралды.

11-13.10.23. күндері аралығында 3аРШО тобының студенті Лемешева Алина спорттық бағдарлаудан «Батыс Азимут» Батыс Қазақстан облысының чемпионатына қатысты. Қашықтықта жоғары нәтиже көрсетті: «Спринт» – 2 орын, эстафета – 1 орын, түнгі бағдарлау – 3 орын.

16 қазан күні «Жастар» стадионында, 25 қазан - Республика күніне орай Батыс Қазақстан облысының студенттері арасында өткізілген "STUD ENERGY" спартакиадасының салтанатты ашылуына "Орал гуманитарлық-техникалық колледжі" командасы белсене қатысты.

FaLang translation system by Faboba