Орал гумнитарлық-техникалық колледжінде «Елбасымыз бастаған Нұрлы жол» тақырыбында 10 күндік өтуде. Аталған шараға колледждің 1-4 курс студенттері түгел қатысып, шара алдын ала құрылған жоспар бойынша жүргізілуде.  11-ші қарашадан бастап  «Тәуелсіздіктің 7 қыры» деректі фильмін қарау үшін сілтемелер жіберілді. Әр топ топ жетекшілерімен бірге «Жаңғыру жолы», «Линии жизни», «Болашаққа бастар жол», «Один народ, одна судьба», «Бір ел, бір тағдыр», «Мудрое решение», «Парасатты шешім», «Час испытания» ,«Сын сағат», «Ұйымдасқан Ұтады», «Путь к процветанию»,  «Елдіктің бастауы»   деректі фильмдерді қарап, талқылап сынып сағаттарын ұйымдастырды. 

Колледжде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт», «Әдеп кодексі», жасақталып педагогикалық кеңестің шешімінің №2 от 14.09.2020ж хаттамасымен бекітілді, педагогикалық кеңеске 50 адам қатысты оның 30 оқытушы, 11 кіші иқызметкерлермен көмекші персонал және 9 шағын орталық қызметукерлері қатысты. 2020-2021 оқу жылына арналған «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің үлгілік кешенді жұмыс жоспары жасақталып бекітілді. Бекітілген жоспар бойынша қазан айында Әдеп, академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тұрақты жұмыс комиссиясының он-лайн форматта отырысы оздырылды.

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне арналған "Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік" тақырыбында онлайн формада шаралар ұйымдастырылды. 1-4 курс студенттері арасында колледждің медицина қызметкері Н.Б.Қаусова ZOOM платформасы арқылы кездесіп ЖИТС- дерті туралы толық мәлімет берді. Шараға 68 студент, 5 оқытушы қатысты. Студенттер кездесу барысында өздеріне түсініксіз сауалдарына жауап алды. Сонымен қатар студенттерге 1988 жылы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күн жаһандық денсаулық сақтау тақырыбы бойынша алғашқы халықаралық күні болып белгіленгені, әлемнің барлық өңірлерінде ақпараттық іс-шаралар өткізілетіні турылы ақпарат берілді. Көптеген адамдар қызыл лентаны тағуы — АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен хабардар болудың, оларды қолдаудың және ынтымақтастықтың халықаралық белгісі екендігі жөнінде түсіндірілді.

FaLang translation system by Faboba