Колледжде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт», «Әдеп кодексі», жасақталып педагогикалық кеңестің шешімінің №2 от 14.09.2020ж хаттамасымен бекітілді, педагогикалық кеңеске 50 адам қатысты оның 30 оқытушы, 11 кіші иқызметкерлермен көмекші персонал және 9 шағын орталық қызметукерлері қатысты. 2020-2021 оқу жылына арналған «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің үлгілік кешенді жұмыс жоспары жасақталып бекітілді. Бекітілген жоспар бойынша қазан айында Әдеп, академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тұрақты жұмыс комиссиясының он-лайн форматта отырысы оздырылды.
Отырыста «Академиялық адалдық Саясаты» ережелерінің сақталуын қызметкерлер мен білім алушылардың талап ете отырып сыбайлас жемқорлыққтың алдын алу шараларын тұрақты ұйымдастырып білім алушыларға түсіндіру туралы ескертілді. Адалдық – адамгершіліктің аса маңызды талаптарының бірі. Ол жалған сөйлемеу, жалтармау, уәдесінде тұру сияқты қасиеттерді қамтиды. Баланы адалдыққа тәрбиелеу– адал еңбекке, әдептілікке үйретуден басталады. Осы бағытта колледжде білім алушылармен тұрақты түсіндіру, алдын алу, кездесу, он-лайн сабаққа қатысу шаралары ұйымдастырылады. 2аКШК тобында топ жетекшісі Л.А.Нагимиова «Адалдық асыл қасиет» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді. Шараның мақсаты: студенттерге адам бойындағы адалдық, адалдық сезімдерінұғындыру.Адамгершіліктің жоғары этикалық нормалары екендігіне көз жеткізу; татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру; Ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі ролін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу. Шара барысында студенттер адалдық, шын достық туралы тапсырмалар беру арқылы жұмыс жүргізілді.
Қазан айында жоспар бойынша 1-4 курсстуденттері ютуб каналы арқылы қазақстандық жастар үшін жаңа тұлға - Ренат Бектұровтың бейне дәрісіне қатысты. «Адалдық сағаты» акциясының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыружәне адалдық, әділдік, инабаттылық және сенім сияқты ең маңызды адамгершілік құндылықтарды дарыту мақсатында сабақ болды. Балаға тәрбие беруде отбасының рөлі және ұстаз еңбегінің зор екендігі айтылды. Адам жеке тұлға болып қалыптасу үшін білім, білік, еңбек,төзімділік қажет екенін айтты. Парасаттылық ұғымына өте жақсы мысал келтіріп жастарды ерінбей еңбектенуге шақырды. Ол Абай атамыздың өлеңінде сомдалғаны Талап ,еңбек терең ой, қанағат рақым екендігі еңбек арқылы жетістікке жететінгін жастарға жеткізді. Парасытты ұрпақ тәрбиелеу үшін адамгершілік пен патриоттық тәрбиенің орны ерекше. Жастарды сауатты, еңбекқор белсенді етіп тәрбиелеуде дұрыс кеңестер беріп, өзінің жеке өміріндегі жетістіктерін сәттілік, әділ еңбек, адалдық құндылықтары екенін жеткізді.
4б КШК, 4б КДО топтарына жетектісі А.А.Алмағамбет "Адалдық - адамның адастырмайтын, абыройға жеткізетін ұлы туы" тақырыбында онлайн тәрбие сағатын ұйымдастырды. Тәрбие сағатының мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Тәрбие сағаты ұлы Абайдың қара сөздерін насихаттаумен ашылды. Тәрбие сағаты барысында "Адамның асыл қасиеттері" деген атаумен әр студент топтастыру әдісін қолданды. Сонымен қатар, тақырыпқа қатысты төрт негізгі құндылық аталып, топ студенттері Дүйсенова Альбина, Канаева Балнұр, Усманова Айдана, Жарылғасова Әсемгүл әр құндылыққа жеке тоқталып мән-мағынасын ашты. Тәрбие сағатының шарықтау шегіне қарай "Адалдықтың өтемі" атты шағын бейнекөрініс көрсетіліп, идеясы талқыланды. Онлайн тәрбие сағаты "Мен қандаймын?" атты тренингпен аяқталды. Тренингтің мақсаты студенттер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. Студенттер онлайн тәрбие сағатынан алған әсерлерімен бөлісіп, қоғамда адалдықтың орны әрқашан биікте тұру керектігін атап өтті.
Қараша айында 1-4 курс студенттері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, кәсіби спортшы Ардақ Назаровпен өткен кезекті онлайн «Адалдық сағатымен» танысып, талқылады.Сұхбат барысында атақты спортшы отбасы құндылығы, бірлік және өзара құрмет тақырыбында ойларымен бөлісіп, жастарды патриотизм мен парасаттылыққа шақырды.
«Парасатты адам деген кім?», «Парасатты болу қаншалықты маңызды?» деген сұрақтарға спортшы «Парасат», «пайым» сөздерінің мағынасын аша отырып, «Парасатты адам деп кемеліне жеткен, ақылы толысқан, дұрыс шешім қабылдай білетін, рухани түрде дамыған даналықтың өнегесіне жеткен адамды айтамыз», – деп атап өтті. А. Назаров жастардың кітап оқуға және өзін-өзі дамытуға деген қызығушылығын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды.Ол өзінің барлық жеңістері мен жетістіктерін қажырлы еңбекпен байланыстырады, «басқа спортшылар аптасына 3 рет жаттығып жатқанда, мен 13 рет жаттығу жасадым, олар таңертең екі сағат дайындыққа уақыт бөлгенде, мен одан екі есе көп жұмыс жасадым» деді.Бүгінде әлем чемпионы – көпшілік үшін үлгі. Әр кездесуде ол жастарды алға қойған мақсаттарына жету үшін аянбай еңбек етуге, үлкендерді құрметтеуге, Отанын сүюге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.
Студенттер А.Назаровтың бойындағы өзіндік болмысы–қарапайымдылығы, ойын еркін жеткізіп, сөз саптауы ұнады.
Қоғамда, жастар арасында парасаттылық идеологиясын насихаттап, оны дамыту – барша қазақстандықтардың міндеті, парызы.
Орал гуманитарлық- техникалық колледжінің 1-4 курс студенттерінің арасында жемқорлыққа қарсы бағыттталған анонимді сауалнама өткізілді. Сауалнамаға 53 студент қатысты. Орыс тобы – 26, қазақ тобы – 27.
1. Жынысы: Ер – 14 (26,4%), қыз – 39 (73,5%)
2.Сіздің жасыңыз – 17де - 9(16,9%),
18де – 24(45,2%),
19да – 17(32%)
20да – 3(5,6%),
3.Сіз қай курста оқисыз?: 3курс – 13 (24,5%), 4 курс – 40(75,4%)
5.Сіз жемқорлықты қалай түсінесіз?
Пара беру, сыйлық, ақша арқылы мәселені шешу – 35 (66,8)
Түсінбеймін – 5 (9,4%)
Жоқ, кездеспеді – 2 (3,7%)
Жауап бермеді – 11 (20,7%)
6.Оқытушылар тарапынан студенттерден ақша талап ету жәйттары жиі кездесе ме? Кесдеспейді-53(100%)
7. Сыбайлас жемқорлық қандай жағдайларда жиі кездеседі?
Сабақтан қалғанда - 10 (18,8%)
Сынақ және емтехан тапсырғанда – 11 (20,7%)
Курстық жұмыс тапсырғанда – 2 (3,8%)
8.Сіз оқытушыға пара бердіңіз бе? Жоқ-53(100%)
9.Егер сіз оқытушыға бара берсеңіз, қандай себеп негіз болады?
Жоқ бермеймін-51(96,2%),
Басқа жағдайда-3(5,6%)
10.Пара берушіде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын білесіз бе?: Иә-50(94,5%) Жоқ-3(5,6%)
11.Сіздің ойыңызша пара алатын оқытушыларды көрсетіңіз:
Жоқ ондай оқытушы – 53(100%)
12.Білім жүйесіндегі жемқорлықпен және жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресуге байланысты проблемаларды шешу жөніндегі сіздің ұсыныстарыңыз:
Көбірек күш салып, ережелерді қою; студенттерге мүмкіндіктер беру, полицияға айту.
ДТІЖО А.Ж.Отарбай