College news

«Педагогикалық оскар» тақырыбында педагогикалық олимпиада

24 қараша күні  кафедра оқытушылары Ж.Ж.Нәбиева, М.В.Амиргалиева «Педагогикалық оскар» тақырыбында педагогикалық олимпиада ұйымдастырды. Шараға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ф.К.Макашева, ғылыми – әдістемелік кабинет әдіскері Н.К.Султанова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.С.Нурмукашева, колледж психологі Э.Мамытбаева, кафедра оқытушысы Ж.Бексариева қатысты.
Олимпиада кезеңдері
• Таныстыру
• Педагогика пәні бойынша теориялық білімдерін тексеру
• Сабақ көрсету
• Жағдаяттар шешу
Олимпиадаға 4 курс студенттері қатыстырылды. Ұйымдастыру бөлімінде «Бюмба - Юмба» сәлемдесу жаттығуы жүргізілді.Студенттер бір бір-бірлерімен дәстүрден тыс амандасудың түрлерімен сәлемдесті. «Таныстыру» кезеңінде 4 б РШО «Надежда» ,  4 б СП «Болашақ ұстаз», 4 б КШИ «Эврика», 4 б КДО « Білімді балдырған», 4 б КШТ «Болашақ» болып өз топтарының  ұранымен, топ эмблемасымен таныстырды.Екінші кезең «Педагогика пәні бойынша теориялық білімдерін тексеруде» барлық топтар өз білімдерін сынады.
Олимпиаданың «Сабақ көрсету» кезеңінде әр топ машық кезінде жүргізген сабақтарын таныстырып, сабақ кезінде қолданылған технология әдістерін залдағы көрермендерді қатыстырып көрсетті. Тақырыптарға сәйкес видеороликтер көрсетілді.Үшінші кезеңде топ студенттеріне жағдаяттар берілді.Барлық топ берілген жағдаяттарды көрініс арқылы сомдап, ролдерге бөлініп, жағдаяттың шешу жолдарын көрсете білді.Сайыс соңында I орын 4 б КШИ, II орын 4 б СП, III орын 4 б РШО, қалған топтар: 4 бКШТ «Өнерлі», 4б КДО  «Шығармашыл » номинацияларымен марапатталды. Шара мақсатына жетті.

 

 

жаттығу барысы

4 б КДО тобы                                              4 б РШО «Надежда»

4 б СП   «Болашақ»                                  4 б КШИ «Эврика»

топтардың таныстыру сәті

 

4 б КДО студенті  Р.Есендиярова 4 б РШО студенті  З.Кощенко

 

4 б СП студенті  Н.Имашева

Студенттердің сабақ беру сәтінен көрініс

топтардың жағдаяттарды шешу сәттері

 

4 б КШИ 1 орын                                                              4 б СП 2 орын

4 б РШО  3  орын

Адам өз өмірінің қожасы

13 қараша күні Педагогика, психология кафедрасы айлығының шеңберінде оқытушылар Ж.Ж.Нәбиева, М.В.Амиргалиева АРТ ТЕРАПИЯ түрлерін қолдана отырып «Адам өз өмірінің қожасы» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды. Тренингке 2б РШО, 3б КШТ, 4б КШТ, 4б КШИ, 4б РШО, 4б СП топтары қатысты.
Мақсаты: 
• Қатысушыларға Арт-терапия туралы ұғым беру, маңыздылығынашу. 
• Арт-терапияныңтүрлеріментаныстыру, тиімділерін тәжірибеде пайдалану. 
• Арт-терапияның түрлеріне арналған ойындармен танысу. 
Қатысушылардың достық қарым-қатынасын, ұжыммен жұмыс жасауды арттыру. 
Шараның жоспары:
I.Бөлім.Ұйымдастыру кезеңі Амандасу рәсімі. «Ғажайып өмірге саяхат». 
II. Бөлім. АРТ-ТЕРАПИЯ және оның түрлері туралы ақпарат беру.
III.  Шығармашылық  тапсырмалар.
Сергітусәті. Қозғалмалы би терапиясына арналған   ойын-жаттығу. 
IV бөлім  Рефлексия  «Бақыт ағашы» 
Шараға колледждің экономикалық стратегиялық даму директоры Л.Ж.Утарбаева, кафедра оқытушылары Ж.С.Бексариева, Ж.С.Жубатова , колледж психологі Э.Мамытбаева қатысты. Шара соңында колледждің экономикалық стратегиялық даму директоры Л.Ж.Утарбаева психологиялық тренинг жөнінде өзінің пікірін білдіріп, ризашылығын білдірді. Шара өз мақсатына жетті.

  

  

 

студенттердің би билеу сәті

студенттер өз пікірлерін жазып және талдау барысы

колледждің экономикалық стратегиялық даму директоры Л.Ж.Утарбаева, кафедра оқытушыларымен бірге

«ЭКСПО 2017» тақырыбында студенттер конференциясы

24.10  күні    «Мирас»  клубы Н.А. Утегенованың     жетекшілігімен  «ЭКСПО  2017»  тақырыбында  студенттер  конференциясын  оздырды.  Мақсаты  Қазақстан  мемлекеттінің  саяси  экономикалық  бағыттарына  шолу  жасау,  ЭКСПО  тарихымен  таныстыру,  студенттерді  ғылыми-  ізденіс  жұмыстарына  баулу  және  жастардың  шығармашылық  қасиеттерін  дамыту,  ұлтжандылық  қасиеттерді  қалыптастыру  болып  табылады. Клуб  мүшелері  Қазақстан  мемлекеті  туралы,  Астана,  ЭКСПО  2017-ның  шығу  тарихы  туралы  ақпараттар  келтіріп,  өз  ойларын  ортаға  салды.  Шараға  колледж  әкімшілік  өкілдері  психолог  Мамытбаева  Э.,  директордың  оқу  ісі  бөлімінің  орынбасары  Мақашева Ф.Н.,  әдіскер  Султанова  Н.К.  қатысты. Шара  барысында  студенттерге  көптеген  тың  ақпараттар  берілді.

FaLang translation system by Faboba