College news

19 мамыр күні Орал гуманитарлық-техникалыө колледжінде «Жұмыс беруші күні» шарасының ұйымдастырылды. Шараға №43 «Өркен», №34 «Балбұлақ», №27 «Жігер», № 19 «Золотой петушок» бөбекжай, № 3, № 17, № 46, № 10 қала мектептерінен жұмыс берушілер қатысты. Алдымен атқарышы директоры Л.Ж. Утарбаева колледж тарихымен және жетістерімен таныстырды. Бітіруші топ студенттердің дипломалды практика бойынша үлгілі папка көрмесі ұйымдастырылды. Студеттер өз мамандығының ерекшеліктерімен таныстырды, қатысушылармен шығармашылық тапсырмалар орындатты.

4а, бКШК тобында «қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша 12 мамыр күні «Абай-ақылдың ақыны, ал Мағжан-ақынның ақыны» атты әдеби танымдық шара өтілді. Шараның мақсаты: Алаштың ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып, студенттерді қайсарлыққа, ұлтжандылыққа елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Топ жетекшісі С.Б.Акбулатова, ақын өлеңдерінің тақырыптарына тоқталса әдіскер М.С. Нурмукашева ақынның поэмалары туралы мәлімет берді. Студенттер ақынның өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқыды. Шараның соңы Мағжан ақынның «Бәрінен де сен сұлу» атты әнімен аяқталды.

Колледж еріктілері мереке қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Сунгуров Леонид Спиридоновичтің үйіне барып мерекемен құттықтап барып қайтты. Еріктілер Ардагердің жұбайымен әңгімелесіп, атаның бүгінгі жағдайын біліп, үй шаруашылығына көмектесті.

FaLang translation system by Faboba