College news

Оқытушы Н.А.Утегенова жетекшілік ететін 1аКШФ тобында «Отбасы – тәрбие бесігі» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты – Отбасы құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.

14 қыркүйек  күні Орал гуманитралық - техникалық колледжінде «Абайлаңыз балалар!» тақырыбында  1 курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге Орал қаласы ПБ Абай ПБ жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар  істері жөніндегі инспектор  полиция лейтенанты Кажипов Абиш Қанатқалиұлы студенттерге жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың көп таралған түрі ол мезгілсіз уақытта көшеде жүру, түнгі уақытта  ойын-сауық орындарында жүру, ұрлық, бұзақылық жасау сияқты түрлеріне нақты дәлелдер келтіріп түсіндірді.

13 қыркүйек күні колледж ұжымына, педагогтар мен кіші қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

22 мамыр күні колледждінің студенттерімен «Жазғы кезеңдегі балалардың су айдындарындағы қауіпсіздігі» тақырыбында Орал қаласы төтенше жағдайдар басқармасының азаматтарды қорғау тобының офицеры А.М.Тобаниязбен және ТЖ тобының мамандарымен кездесу өтті. Кездесу барысында мамандар студенттерге жаз мезгілінде суға түсуге тыйым салынған жерлерге шомылуға болмайтынын қатаң ескертті. Суға батып бара жатырған адамға қалай көмектесуге болатыны туралы бірнеше тәсілдерді көрсетті. Тыйым салынған жерлерге суға шомылған, заңға бағынбаған азаматтарға қолданылатын шараны да ескертті.

FaLang translation system by Faboba