College news

Бүгін колледжде БҚО ресурстық орталық мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде студенттерге мемлекет тарапынан көрсетілетін бағдарламалар туралы ақпарат берілді, сонымен қатар Жайық Жастары еріктілер корпусының жұмысына да шолу жасап, түсіндірілді. Еріктілер қатарына қосылғысы келген студенттер жазылып, қызығушылық білдірді.

Жұбан Модағалиев атындағы Батыс Қазақстан облысы әмбебап ғылыми кітапханасында өткен поэзия кешіне колледжіміздің студенттері қатысты. Шарада жыр оқып, белсенді болған 2 курс студенттері Қабие Жанбатыр мен Қайыржанова Рита АЛҒЫС ХАТ пен марапатталды!

Оқытушы Н.А.Утегенова жетекшілік ететін 1аКШФ тобында «Отбасы – тәрбие бесігі» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты – Отбасы құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.

14 қыркүйек  күні Орал гуманитралық - техникалық колледжінде «Абайлаңыз балалар!» тақырыбында  1 курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге Орал қаласы ПБ Абай ПБ жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар  істері жөніндегі инспектор  полиция лейтенанты Кажипов Абиш Қанатқалиұлы студенттерге жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың көп таралған түрі ол мезгілсіз уақытта көшеде жүру, түнгі уақытта  ойын-сауық орындарында жүру, ұрлық, бұзақылық жасау сияқты түрлеріне нақты дәлелдер келтіріп түсіндірді.

FaLang translation system by Faboba