Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Орал гуманитарлық-техникалық колледж серіктестік аясында СҚО Петропавл қаласының М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжімен бірлескен «Колледжде оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың заманауи тәсілдері: цифраландыру, инновациялар және білім беру сапасы» атты республикалық семинар өтті.
Семинарға Орал гуманитарлық-техникалық колледжі, Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж, «Bolashaq» Қарағанды жоғары колледждерінің оқытушылары қатысты. Семинардың мақсаты: тәжірибені тарату, өзекті мәселелерді талқылау және колледжде білім беру үрдісін ұйымдастырудың тиімді шешімдерін іздеу.
Колледж оқытушылары А.Ж.Отарбай, Д.Е.Мазгутова, Г.С.Шотова, А.Б.Кужахметовалар өз тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестерінің өзекті мәселелерге байланысты ой-пікірлерін тындады. Семинар мақсатына жетті, бірілескен жұмыстарды жалғастыру көзделді.