"Жұмысшы кәсіптер қаласы" фестивалі кәсіпорындар мен колледждердің 250 жаңа серіктестігі үшін платформа болды – Ғани Бейсембаев техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту туралы
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Биыл – Жұмысшы мамандықтар жылы. Осыған орай, маңызды іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылмақ. Еңбек адамының абырой-беделін арттыру үшін нақты жұмыс жүргізіледі.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін түбегейлі жаңғырту ісін бастау керек. Жауапты мекеменің бәрі және ең бастысы, жеке сектор бұл іске белсене араласуға тиіс.