Дене шыңықтыру оқытушысы Т.Е. Мендіхан «Сабақ Fest» ашық сабақтар фестивалі аясында 3а КШФ тобында «Коньки спорты және оны оқыту әдістемесі» пәнінен «Коньки спорты түрлері. Бір аяқпен итеріліп қалып, оны тез мұздың үстіне қойып, екі аяқпен бірдей сырғанап кету.Тепе – теңдік салмақты ұстау дағдысы қалыптасқан соң, екі аяқпен кезек итеру» атты сабақ өткізді.
Сабақ барысында коньки спорт түрлері туралы бейнефильм, коньки түрлерінен атақты спортшыларға ақпарат берілді. БҚО атақты спортшыларына, соның ішінде шорт-трек түрінен жеңімпаздарға тоқталды. Сабақта коньки спортының құралдары, жабдықтары, қауіпсіздік ережелері, жарақат алған кездегі әрекеттер туралы айтылды. Оқытушы коньки спортына деген студенттердің қызығушылығын ояттып, жағдаяттар, тапсырмалар арқылы сабақты бекітті. Кері байланыс арқылы қатысушыларды ойларымен бөлісіп, белсенді қатысқандарға әділ баға қойылды.