College news

4а, бКШК тобында «қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша 12 мамыр күні «Абай-ақылдың ақыны, ал Мағжан-ақынның ақыны» атты әдеби танымдық шара өтілді. Шараның мақсаты: Алаштың ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып, студенттерді қайсарлыққа, ұлтжандылыққа елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Топ жетекшісі С.Б.Акбулатова, ақын өлеңдерінің тақырыптарына тоқталса әдіскер М.С. Нурмукашева ақынның поэмалары туралы мәлімет берді. Студенттер ақынның өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқыды. Шараның соңы Мағжан ақынның «Бәрінен де сен сұлу» атты әнімен аяқталды.

Колледж еріктілері мереке қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Сунгуров Леонид Спиридоновичтің үйіне барып мерекемен құттықтап барып қайтты. Еріктілер Ардагердің жұбайымен әңгімелесіп, атаның бүгінгі жағдайын біліп, үй шаруашылығына көмектесті.

Колледж кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен "Жемқорлық індет..." тақырыбында кітап көрмесі жасақталды. Көрмеге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы БАҚ жарияланған мақалаларға шолу жасалып, білім алушыларға ақпарат берілді. Адалдық, әділеттік, еңбек тақырыптарын ашатын кітаптар да көрмеге қойылды.

13.05.2023 колледжіміздің белсенді студенттері «Тоғыз айға 9 іс-шара» аясындағы білім беру ұйымдары арасындағы «Жасыл мекен» челленджіне қатысты. Челлендждің басты мақсаты - білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу, көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбекқорлыққа баулу, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады.

FaLang translation system by Faboba