URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

«Берекелі Әз Наурыз» мейрамын тойлау шарасы өтті

17 наурыз күні колледжінде «Берекелі Әз Наурыз» мейрамын тойлау шарасы өтті. Шараның мақсаты: студенттердің ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып саласынан білімін кеңейту, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеу. Адамгершілікке, имандылыққа, еңбекке тәрбиелеуде шығармашылық ізденістерін шыңдау, өнегелі мінез-құлықтарымен, саналы ой-өрістерімен үлгі бола білуге тәрбиелеу. Биылға Наурыз мерекесі колледж топтарынан құрылған этно ауылдар аймағында ұйымдастырылды. Әр ауылға алдын ала көнерген ұлттық салт-дәстүрлерді көрсету тапсырмасы берілді. Мерекеге ардагер ұстаздармен ата-аналар қонаққа шақырылды. Студенттер Наурыз мерекесіне ізденіспен, шығармашылықтарын шыңдап жан-жақты дайындалды. Әр ауыл Аластау,Ат тергеу, ат қою дәстүрі, Ана көрген оқ жанар, Айдар, тұлым, шашбау,Сүйінші, қонақ кәде, байғазы, көрімдік, Табақ тарту, Бастаңғы, Ерулік, Тұсау кесу дәстүрі, шашу, сарқыт тақырыптарында әдет ғұрыппен, салт дәстүрді театрландырылған қойылым түрінде көрсетіп үлкен тәрбиелік мәні бар шара өтті. Барлық ауылдарда ұлттық тағамдардан дастархан жайылды, өз дәстүріне байланысты ауылдың жастары ән айтып думандатып, үлкендері жастарға бата берді. Сонымен қатар Қазақстан елінде тұратын басқа ұлт өкілдері наурыз мерекесін тойлауы туралы да көріністер қойып қонақтарға ұлттық тағамдарынан ауыз тигізді. Дене тәрбиесі және спорт мамндығының білім алушылары қазақтың ұлттық ойындары қазақша күрес, бес асық, садақ ату, гір көтері, ләңгі, арқан тартыс ойнатып қатысушыларға жақсы әсер сыйлады. Колледжде жұмыс жасап жүрген ардагер ұстаздарымыздан құрылған әжелер тобы жастарға табақ тарту рәсімін көрсетіп түсіндірді. Қонағымыз ардагер ұстаз Роза Әжмұратовна мен ата-аналар өз кезегінде колледждегі ұйымдастырылып жатырған шаралардың жастарды тәрбиелеудегі маңыздылығын атап ризашылықтарын білдірді.

{youtube}VZL9tgAVw9U{/youtube}

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.