URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

Мамандармен кездесу өтті

 

16 наурыз күні колледж студенттері Орал қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен бірлесіп БҚО ПД есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Эмиль Кеңесұлы және Лаура Таңатқызы, Отбасы орталығының психолог маманы Индира Жоламанқызы, теолог маман Әсет Исламбекұлы, және жастарға қызмет көрсету орталығының маманы Әйгерім Өмірбекқызымен кездесу өтті. Кездесуде Эмиль Кеңесұлы есірткінің түрлері оның адам ағзасына зияны, жастардың арасында көп таралып кеткен электорнды шылымның зияны туралы ауқымды ақпарат берді. Жастарға бірнеше мысалдар келтіріп зиянды әрекеттен аулақ болып бос уақыттарын спортқа, шығармашылық үйірмелерге, кітап оқып сауатты болу бағытында кеңестер берді. Әсет Исламбекұлы өз кезегінде жастар жалынды болу керек батыр, батыл болу керек деді. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын деген Абай атамыздың сөзін мысалға келтіріп бүгінгі жастардың басым көпшілігінің еш алаңсыз мақсатсыз телефон қараумен уақыт өткізетінін айтып оның жастарға пайда әкелмейтінін ескертті. Индира Жоламанқызы жастардың арасындағы өзекті мәселе ол отбасындағы ата-анамен қарым- қатынасы, жастардың болмашы затқа ашуланып суицид әрекетіне баруы, ашуға берілуі туралы тәжірибеден мысалдар келтіріп әңгімеледі және кез келген уақытта көмек көрсетуге, кеңес беруге дайын екенін айтты. Кездесу барысында студенттер мамандарға түрлі сауалдарын қойып еркін әңгімелесу, кеңес беру форматында өтті.

{youtube}ItcqI8cTS-w{/youtube}

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.