URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

«КжТББ өзекті мәселелері: облыстық семинарлардан алған әсер» атты семинар практикум өтті

 

11.03.2022 ж Орал гуманитарлық-техникалық колледж оқытушыларына арналған «КжТББ өзекті мәселелері: облыстық семинарлардан алған әсер» атты семинар практикум өтті. Мақсаты: ТжКББ ББДО ұйымдастырған колледж оқытушылары, ДТЖО, әдіскерлерге арналған семинар шешімдерімен ұжымды таныстыру, тәжірибе алмасу. Колледж жас оқытушылары және директордың орынбасарлары арасындағы қаңтар- ақпан айларында өткен семинар туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Информатика пәні оқытушысы Ізбасаров М.Е. пен дене тәрбиесі пәні оқытушысы Виктор А.Қ. «Сабақта қолданатын стратегиялар мен тәсілдер» тақырыбындағы баяндамасында сабақтарда қолданатын мультимедиялық әдіс-тәсілдермен таныстырды. Қатысушылар практикалық жұмыстар орындады. «Тәрбие жұмысының өзекті мәселелері» туралы директордың ТЖО Отарбай А.Ж. өз баяндамасында тоқтады. Куратордың жұмысындағы өзекті мәселелердің бірі-жұмыс жоспары, жастармен жұмыс туралы айтты.

Колледж әдіскерлері кеңесіндегі қозғалған педагогтарды аттестаттаудан өткізу шаралары, педагог портфолиосы, бұқаралық баспасөзбен жұмыс туралы, ОӘК,ЭОӘК құрастыру туралы ақпаратпен әдіскер Нурмукашова М.С.бөлісті. Семинар соңында қатысушылар тренингке қатысып, бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлады.

{youtube}_TP8zyrAnIo{/youtube}

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.