2021 жылдың 14 желтоқсаны күні колледж құрылтайшысы, п.ғ.д., профессор, педагогикалық ғылымдар академиясының, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Шалқыма Хайроллақызы Құрманалина «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен наградталды.
Ережеге сәйкес мерекелік медальмен Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюына және әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары наградталады.