URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

Орал гуманитарлық-техникалық колледж студенттерімен 4 маусым Рәміздер күні мерекесіне орай жоспарлы ұйымдастырылған тәрбие шаралар есебі

3 Маусым күні музыкалық білім беру мамандығының 1аКШМ тобының жетекшісі А.Р.Идрисова және мамандықтың оқытушылары С.Ұ.Шналиев, Ж.К.Утеуовтың қатысуымен «Елтаңбасы –мен еңселі, Әнұранымен айбынды, Туымен тұғырлы» тақырыбында салтанатты шара өтті. Шара Әнұранмен басталды. Студенттер топта құрылған «Жайық толқыны »Ұлт аспаптар оркестрі Н.Тлендиевтің « Ата толғауы» күйін орындады. Ә.Жәрдем және Н.Амангелді Қазақстаным әнін орындаса жігіттер тобы ұланда биін биледі. Топтың жігіттері Батырлар жыры орындалды. Жеке орындаушылар күйлер орындап аспапта еркін ойнап шеберліктерін көрсетті. Мерекелік шара Көк тудың желбірегені әні мен аяқталды.

3 маусым күні 2аРШФ тобында топ жетекшісі А.Б.Кужахметова «4 июня - День государственных символов Республики Казахстан!» тақырыбында ZOMM  платформасында шара өткізді. Шараның мақсаты студенттердің Елтаңба, Ту, Әнұранды құрметтеу, мақтан тұту ұлтжандылық қасиеттерін дамыту. Ұлттық рәмізіміздің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы білімдерін дамыту. Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, адал болуға елінің патриоты болуға, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу

03.06.2021 күні 2 аб КШФ,1в КШФ тобының жетекшісі А.Қ.Виктор «Мемлекеттің басты белгісі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында Отан, Ұлт, тақырыбында өлең жолдары оқылды. Ұлттық рәміздердің тарихы туралы айтылды. Рәміздердің авторылары мен суреттелуі туралы түсінік берілді.

https://www.instagram.com/p/CPqEO2LFAg8/?utm_medium=share_sheet

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.