URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 1- 4 курс студенттерімен ұйымдастырылған «Адалдық сағатының» есебі

Адалдық – адамгершіліктің аса маңызды талаптарының бірі. Колледж студенттері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дайындаған кезекті «Әйтеке би: Парасат биігі мен сөз құдіреті» тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай онлайн «Адалдық сағатымен» танысып, талқылады. 1 курс студенттерімен колледжде өтсе 2-4 курс студенттерімен ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылды. «Ұлы даланың ұлы тұлғаларының бірі, мемлекет қайраткерлері Әйтеке би Байбекұлының тағылымына арналған. 21жасында Әйтеке би қазақ –қарақалпақ, өзбек халқына ұлыс би атанған Әйтеке би тарих беттерінде өшпес із қалдырған. Әйтеке бидің бүгінге жеткен даналығы данышпан бабамыздың еңбекқорлығы, парасаттылығы мен еліне деген адалдығын студенттерге түсіндіріп талданды. «Даңққа тұлпар дүлдүлдігімен жетеді,

Ер азамат білгірлігімен жетеді, деген

ойшылдың даналық сөзі адалдыққа, парасаттылыққа үндейді.

Туған жерін, елін сүю, қазыналы қарттарды құрметтеу, бабалардың адал жолымен жүру, отбасының ұйытқысы болу –әрбір саналы ұрпақтың қасиетті парызы екенін естен шығармау керектігі айтылды. Өйткені парасаттылық отбасындағы адал сыйластыққа негізделеді. Әйтеке би күллі қазақ халқының дауларын шешіп, өз өмірлік ұстанымдарын әділдік қағидатына негіздеген. Топ студенттеріне бабамыздың асыл мұрасын жадымызда сақтап, өмірлік жолымызда ұстанумыз қажет деп ой қозғап, пікірлерін ортаға салды. «Жақсы адам болып, жақсылардың қатарын көбейтейік»

Колледжде әр адалдық сағаты сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, жас ұрпақтың бойына адалдық және патриотизм қағидаттарын сіңіру мақсатында сабақ болатын тәрбиелік сағат түрінде жүргізілуде.

Онлайн түрінде барлығы 68 студент қатысты, штаттық режимде оқып жүрген 1 курс бойынша 23 студент қатысты.

Апта бойы 1 курс студенттері БҚО ТжКБ ұйымдары студенттері арасында өтіп жатқан «Парасаттылық – жастар көзімен» атты онлайн байқауына дайындалып жұмыстарын жолдады.

{youtube}NnNIs3O-vvA{/youtube}

{youtube}-fEZCvL3JdA{/youtube}

Есеп беруші: ДОТЖО А.Ж.Отарбай

07.04.2021ж

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.