URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау» пилоттық жобасының нәтижелері: тәжірибе мен даму мүмкіндіктері» тақырыбындағы республикалық семинары

2020 жылдың 6 қарашасы күні «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен ZOOM онлайн-платформасы өткен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау» пилоттық жобасының нәтижелері: тәжірибе мен даму мүмкіндіктері» тақырыбындағы республикалық семинарына колледж ұжымы қатысып, пленарлық отырыс жұмысына колледждің атқарушы директоры Ләззат Жетібайқызы Утарбаева «Интеграция программы НДО «Самопознание» в учебно-воспитательный процесс как основа развития успешной личности» тақырыбындағы, секциялық жұмыстарға өзін-өзі тану пәні оқытушысы Мазгутова Дина Ербулатовна «Внеучебная деятельность как одно из направлений духовно-нравственного воспитания студенов» тақырыбындағы баяндамаларымен қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Ләззат Жетібайқызы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялаудың маңызы мен пилоттық жоба жұмысы нәтижесінде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, студенттер мен оқытушыларда болған өзгерістер, ата-аналармен жүргізілген жұмыс жолдарын, Дина Ербулатовна сабақтан тыс қызметте студенттерді тәрбиелеуде рухани-адамгершілік жұмыстардың маңызын, жүргізілген шаралар, ол шаралардың қажеттілігі мен әлі де жасалуы керек, алға қойылған жоспарларды баяндады.

Семинар жұмысында республика көлемінде пилоттық жоба құрамында жұмыс жасаған барлық білім беру ұйымдары өздерінің жеткен жетістіктері мен жасалған жұмыстар нәтижелерін баяндады. Ең алдымен бағдарламаның авторы Сара Алпысқызына идея үшін, «Бөбек» ҰҒПББСО – ның барлық дәріскерлеріне, қызметкерлеріне, Адамның үйлесімді дамуы институтының әкімшілігіне алғыстарын білдірді!

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.