URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

1-4 курс студенттерінің ата-аналарымен онлайн кездесу ZOOM платформасында ұйымдастырылды.

22.09-23.09.20 күндері орал гуманитарлық –техникалық колледжінде 1-4 курс студенттерінің ата-аналарымен онлайн кездесу ZOOM платформасында ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты ата-аналарға колледждің қашықтан оқу –тәрбие процесінің ерекшеліктерін түсіндіру. Ата-аналарға студенттердің оқу процесін ұйымдастыруға қолдау көрсету қажеттілігін түсіндіру. Колледждің оқу процесі ұйымдастырудағы College SmartNation - білім беру саласындағы бірыңғай портал жұмысымен таныстыру. Қашықтан оқу кезіндегі студенттердің сабақтан бос уақытында белгілі бір пайдалы, дамытушылық іспен айналысуын қадағалу.

Кездесу екі күнге жоспарланып 22.09.2020 күні сағат 15:00 де 1 курс, 16:00 де 2 курс студенттерінің ата-аналары үшін. 23.09.2020 күні сағат 15:00 де 3 курс, 16:00 де 4 курс студенттерінің ата-аналары үшін өтті. Кздесу барысында директордың ТІЖ орынбасары А.Ж.Отарбай «Мен қашықтан қалай оқимын» тақырыбында баяндама жасап ата-аналарға карантин кезінде өздерінің және студенттердің денсаулығын сақтап карантин ережелерін қатаң сақтау керектігі туралы айтты. Студенттерге қашықтан оқу кезінде қолдау көрсету бағытында кеңестермен бөлісті. Директордың ОЖЖ орынбасары А.М.Сагидуллина 2020-2021 оқу жылындағы қашықтан оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы College SmartNation порталының жұмысы және бағалау формасы туралы толық ақпарат берді. колледж психологы Б.Б Қонарова «Жүрек жылуы» тренингін ұйымдастырды. Директордың ОӨЖЖ орынбасары Ғ.С.Шотова 2020-2021 оқу жылындағы оқу-өндірістік жұмысының ерекшеліктерін прктиканың ұйымдастырылуын түсіндіріп, ата-аналардың студенттерді қадағалау қажеттілігін ұсынды. Қашықтан оқу студенттердің шығармашылығын шыңдауға, сыни тұрғыдан ойланып, өзін өзі дамытуға үлкен мүмкіндік. Осы бағытта колледж әдіскері А.Б.Джамбаева суденттердің онлайн түрде колледж ішілік, облыстық, республикалық деңгейде ғылыми-әдістемелік жұмыстарға, оқуларға, сайыстарға, олимпиадаларға белсенді қатысуын ұйымдастыру туралы мәлімет берді. Жалпы екі күде 100 ге жуық ата-ана қатысты. Онлайн кездесуде ата-аналар өздерін таныстырып шара барысында ауқымды мәлімет алғандарын айтып пікір білдірді. Қашықтан оқу процесіндегі туындаған қиындықтармен мәселелер туралы сұрақтар қойып, шешуші жауап алды.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.