URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

«Баланың мектептегі алғашқы күндері» практикасы

29 тамыз күні 2020 жылы әдіскерлер Бекзат Бактигалиевна Конарова 4бКШО, 3вКШО топтарына, Анжела Төлегенқызы Мажитова 4бКДО тобына «Баланың мектептегі алғашқы күндері» практикасы бойынша студенттерге кеңес берді. Күнделік толтыру үлгісімен , оқушыларды зерттеу әдістемесі мен таныстырды. Әдіскерлер студенттерге балалардың дамуы жөнінде, диагностика бойынша кеңес берді, практикаға керек кұжаттарды дайындатты, практика жоспарымен таныстырды.

Студенттер 01.09.-04.09.2020 апта күндері аралығында машықтан өтуге қала мектептеріне және өз аудан мектептеріне бөлінді. 4бКШО, 3вКШО топтарының 4студентті № 46 ЖОББ мектебіне кезекші 1 сыныптарына бөлінді. 4бКДО тобының 2 студентті № 10 ЖОББ мектебіне кезекші мектепалды даярлық сыныптарына машықтан өтуге бөлінді.

Студенттер 1қыркүйек күні бірінші қоңырау «Білім күніне» арналған өз сыныптарындағы тәрбие сағатына қатысты. Тәрбие сағаттары : «Менің Отаным–Қазақстан», «Білімді ұрпақ жарқын болашақ», «Оқусыз-білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Конституция – біздің болашағымыз!»тақырыптары бойынша өтті. Студенттер сынып жетекшілеріне әр түрлі көмек көрсетті: оқушылардың жеке кұжаттарын толтыру, оларға сабақ кезінде тапсырмаларды орындауға көмек көрсету, сергіту сәттерін өткізу.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.