Қыркүйектің 16-18 аралығында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Ж.Отарбай, колледж психологы Б.Б.Конарова ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен психологтарға арналған «Жастардың діни сауаттылығын арттыру» мақсатында өткен семинар-тренингіне қатысып, білімдерін жетілдірді. Құнды мағлұматтармен танысып келді. Колледж психологы Бекзат Бактыгалиевна семинардың практикалық кезеңдерінде белсенділік танытып, біліктілігін көрсетті.