2020 жылдың 11 наурызы күні колледж ұжымына арналған оқу процесін аккредиттеуді өткізу шаралары бойынша кіріспе семинары өтті. Семинарға Қазақстандық тәуелсіз аккредиттеудің орталығы қызметкері Б.М.Адилова, Қазақстандық тәуелсіз аккредиттеудің орталығының БҚО бойынша өкілі К.Г.Акдаулетов, колледж құрылтайшысы Ш.Х.Құрманалина, атқарушы директор Л.Ж.Утарбаевалар қатысты.
Б.М.Адилова өз кезегінде ұжымды институционалдық аккредиттеуді өткізудің жоспарымен, негізгі сұрақтарға тоқтала отырып, аккредиттеудің тетіктері мен мазмұнын таныстырды. Жұмыс тобы мүшелеріне өзін-өзі бағалау есебін жазу мен ішкі аудит өткізу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.