URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

«Сүйіспеншілікпен өмір сүру» әлеуметтік жоба қорғау сайысы өткізілді.

11-ақпан күні жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Н.А.Утегенованың ұйымдастыруымен «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» әлеуметтік жоба қорғау сайысы өткізілді. Бағыты: әлеуметтік жоба қорғау.

Мақсаты әр адамның жүрегіндегі өмірге, ата-анасына, ең жақын адамдарына, жалпы қоршаған ортаға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу және студенттерді шығармашылық және ізденіс жұмыстарына баулу. Жобаның жұмысына 1-3 курс студенттері қатысты. Сүйіспеншілік өмір сүру-бұл өмірмен әлемді әдемі қабылдау. Сүйіспеншілікпен өмір сүру шынайы болса, оны толық қабылдай білсек, денсаулығымыз жақсарып, адамға қуаныш сыйлап, өмірімізге айтарлықтай артықшылықтар әкеледі. Адам қуанышпен жарқын өмір сүрсе, ол сүйіспеншілікпен өмір сүреді деп айтамыз. Адамдарға құрмет көрсету, жағымды іс жасау, жақсы көңіл күй сыйлауды бастасаңыз, адамдар сізді де құрметтеп сүюгге шақырады. Қатысушылар өз жұмыстарында өз отбасы құндылықтарын, сүйіспеншілік, ізгілік, қасиеттердің мәні мен маңызын қоғамдағы қазіргі өзекті мәселелермен байланыстыра білді. Жоба қорғау барысында қатысушылар қатысушылар ізденушілік қабілеттері мен шығармашылық өнерлерін көрсете алды.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.