URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

«Жалпыадамзаттық құндылықтар – тұлғаны рухани – адамгершілік тәрбиелеудің негізі» атты семинар – тренинг

22.11.19 күні Орал гуманитарлық – техникалық колледжінде «Жалпыадамзаттық құндылықтар – тұлғаны рухани – адамгершілік тәрбиелеудің негізі» атты семинар – тренинг ұйымдастырылды. Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен. Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық – деп семинарға келген қонақтармен амандасып алғаннан кейін, колледжіміздің атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева Өзін-өзі тану пәнін баска сабақтармен ықпалдастыру және құндылықтардың мәнін ашу жөнінде ұжыммен түсіндірмелі жұмыс жүргізді. Өзін-өзі тану оқытушысы Ф.К.Иштаева семинарды Шаттық шеңберін құрумен,жағымды көңіл күй сыйлаумен бастады.

Бақыт деген осы шаттық шеңбері,

Қол ұстасып тұрайықшы кел бері.

Бақыт деген мен жоқ кезде сағынып,

Іздейтұғын адал жүрек сендегі.

Достарым бәріңді, сыйлап жаксы көремін.Алақаныммен жылулықты беремін дей отырып, Ақ қағаз алып, іштерінде жүрген жаман ойлары мен жағымсыз әсерлерін, біреуге деген реніштерін жазып қоқыс жәшігіне лақтырып, тағы да ақ қағаз алып, жақсы ойларымен қағазды жартып жерге тастап, ол қағаздардан болашақ өз өмір көріністерін жасады. Тақырыбы: «Арман – жарқын болашақ бейнесі» атты шеберлік сыныбымен семинарды жалғастырды. Ол үшін бейнеролик арқылы Миға шабуыл жасап, шеберлік сынып қай тақырып төңірегінде екенін тауып алу керек болды. Мысалы:қазіргі «Алибаба» компаниясының директоры, жетістікке өз еңбегінің, өмірге деген талпынысының арқасында жеткен Джек Маның өмір баянымен қысқаша таныстырылып, жетістіктерге қалай жеткендігі туралы сөз қозғалды. Шығармашылық жұмыс ретінде топка бөлінген семинар қатысушыларына «Армандар картасы» құрастыруға тапсырма берілді. Одан соң, алдағы үш жылға менің жоспарым негізінде, үш қатысушы ортаға шығып, өз жоспарларымен бөлісті. Кеш соңында топпен Жазира Байырбековнаның «Арман» әні орындалды.

«Жалпы адамзаттық құндылықтар күні» аясындағы іс-шаралар барысында, «Сүйіспеншілік – адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі, дұрыс әрекет- оның шынайы өмірі» тақырыбына байланысты 1аРШФ тобында «Жизнь-бесценный дар!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.