URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

БҚО студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары кеңесінің форумы

31.10. күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жас Отан» ЖҚ бастауыш бөлімшесі және «Достық» еріктілер клубы Қадыр Мырза Әлі атындағы «Мәдениет және Өнер» орталығында оздырылған STUDUNION «БҚО студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары кеңесінің форумына» қатысты. Форумның мақсаты: «STUDUNION» кеңесі студенттердің әлеуметтік-маңызды бастамаларын іске асыру, жастардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, жаңа идеяларды ортаға салу, жоғарғы оқу орны мен колледж суденттері арасында достық қарым-қатынасты нығайту бағытында қаламыздағы барлық студенттерді бір ортаға бейімдеуді мақсат ету. Форумға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жастар ұйымдары комитетінің жетекшісі, G-39 ұйым кеңесінің мүшесі Беккайров Нұрсұлтан Болатұлы қатысып, тың идея, тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, «STUDUNION» студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары кеңесінің төрағасы С.С.Рағымғалиев 2018-2019ж.ж. бойынша атқарылған жұмыстарын баяндады. Форум екі бағыттан құрылды: 1. «G39: студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің озық моделі: ҚазҰУ тәжірибесі»; 2. «BASTAU» коворкинг орталығында Бекқайыров Нұрсұлтан Болатұлының ұйымдастыруымен оздырылған семинар-тренинг.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.