URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

«Әйел.Қоғам.Болашақ» қоғамдық бірлестігінің мотивациялық кездесу кеші оздырылды

 

23.10.2019ж. күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Жастар керуені» жобасы аясында «Әйел.Қоғам.Болашақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Төлегенова Гүлмира Тайманқызымен мотивациялық кездесу кеші оздырылды. Кездесу кеші барысында негізгі тақырып ретінде қыз баланың болашағы, инабаттылық, ізгілік, әдемілік қасиеттерді игеруі, өскелең қыз ұрпақты ибалы болуға тәрбиелеу туралы насихат айтылды. Колледж студенттері келген ментордан түрлі сұрақтарына жауап алды. Әдепті қыз — көңілге жақын,-дегендей қыз баланы салауатты өмір сүруге бағыттау, гигиеналық тазалыққа үйрету, өтірік, өсек айтпайға үйретiп, дағдыландыру, өзiнiң қоғам алдындағы жауапкершiлiгiн терең сезiне бiлуге баулу, қоғам алдында өзін ұстай білуді үйрету, мейiрiмдiлiк, iзгiлiк, ақиқат, сұлулық, қағидаларын берiк ұстануға, үйретудің маңызды тұстары айтылды. Кездесу соңында Г.Т.Төлегенова қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөле отырып, ел дәстүрі мен ата-салтына үйрету әр отбасының, сонымен бірге мектептегі ұстаздардың, қоғам алдындағы борышы екенін естен шығармағаны жөн екендігін атап өтіп, шексіз алғысқа бөленді.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.