URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

«Сенің жұлдызды сәтің» атты сайыс

16.10. күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Музыкалық білім беру» мамандығы кафедрасының ұйымдастыруымен 1 курс студенттері арасында «Сенің жұлдызды сәтің» атты сайыс оздырылды. Сайысқа 4 топ сынға түсті. Олар: «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің 1а КШК тобы, «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 1а КШФ және 1а РШФ топтары, «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің 1б РШО топ студенттері қатысты. Сайыстың мақсаты: Студенттерді өз өнерлерін ортаға сала білуге, өзгелердің өнерін де бағалай білуге дағдыландыру; Ата-бабамыз қадірлеген өнердің кұдіретін ұғындыру; Әдемілікке, әсемдікке, инабаттылыққа, ұстамдылыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу. Таланттылар сайысы ән, би, жүргізуші, көркем сөз, презентация сияқты бөлімдерден құрылды. Сайыс соңында өлең оқу бойынша 1 жүлделі орынды иеленген 1аКШК топ студенті Шарипуллинов Нұрсұлтан, 2 орынды 1а КШК топ студенті Ұзақбаева Айдана, 3 орынды 1бРШО топ студенті Шестаух Александра. Би сайысы бойынша 1 жүлделі орынды 1а КШК топ студенттері, 2 орынды 1а КШФ топ студенттері жеңді. Жүргізушілік қабілеттері бойынша 4 студент өз бақтарын сынады. Олардың арасында жүлделі 1 орынды 1а КШК топ студенті Байзуллина Нұргүл және Қорғанбаев Аманжан, 2 орынды 1а КШФ топ студенті Имединов Мирас, Кульсатов Еламан иеленді. Тартысты ән бәсекесінде өнер көрсеткендердің бәрі дерлік марапатсыз қалмады.Ұлттық дәстүр мен мәдениетiмiздi сақтай отырып бiр-бiрiмiзге құрметпен қарау, сыйлау, жақын тарту, ортақ Отанымызды  шын жүректен сүю – мiне, қазақстандық бiрлiк пен бiртектiлiк деген ойда шара соңына жетті.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.