URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»

04.10.2019 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде жылдағы дәстүрге сай қазан айының бірінші аптасында «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» атты тақырыпта ұлы мейрамдардың бірі ұстаздар күніне арналған колледжішілік мерекелік шара оздырылды. Шара әр түрлі бағыттарда өрбіді. Ең алдымен, колледж құрылтайшысы, педагогика ғылымдарының докторы Ш.Х.Құрманалинаны және колледж атқарушы директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Л.Ж.Утарбаеваны колледж дәлізінен «Музыкалық білім беру» мамандығының 3б КШМ, 4б КШМ топ студенттерінің «Ұстазым» атты әндерді ансамбль ретінде орындау арқылы қарсылап алды. Шара барысында колледж құрылтайшысы Ш.Х.Құрманалина, «Елбасымыз өз сөзінде «Болашақ — білімді жастар қолында» десе, шәкірттің білімді де тәрбиелі, саналы болып өсуі ұстаз қолында» деген ізгі тілегін білдірді. Кейін, шара колледж жоғарғы баспалдақтар арқылы өрби бастады. Колледж бір топ белсенді ер балалары колледж құрылтайшысы Ш.Х.Құрманалинаны және колледж атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаеваны әсем гүл шоқтарымен қарсылап алды. Кейін мерекелік шара әр түрлі әуезді әндермен, би, флэш-мобтармен жалғасты.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.