URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

«Жастар арасындағы әлеуметтік жоба» атты семинар-тренинг

08 қыркүйек күні «Орал гуманитарлық-техникалық колледжі» мекемесінің жастар ісі менеджері А.А.Алиева, «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының оқытушысы А.Виктор және студенттік өзін-өзі басқару ұйымының «Жас Отан жастар қанаты», «Достық» еріктілер клубының мүшелері 3бКШК топ студенті Канаева Балнұр, 3бКШИ топ студенті Орынғали Аружан, 2аКШИ топ студенттері Бақытжанова Альбина, Аралбай Самал, 2аКШФ топ студенттері Салжекенова Салтанат, Ескалиев Рустем, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4бКШК, «Технология» мамандығының 4бКШТ топ студенттері бірлесіп «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының директоры Курумбаев Айболат Шамұратұлының ұйымдастыруымен өткен «Жайық Пресс» мекемесінде оздырылған «Жастар арасындағы әлеуметтік жоба» атты семинар-тренингке қатысты. Семинар-тренингтің негізгі мақсаты: жастарды еріктілер ұйымына белсенді болуға шақыру, жоба жазып оны жүзеге асырудың жолдарын үйрету. Семинар-тренинг 08.00-17.00 уақыт аралығында оздырылыд. ЗУБР атты әлеуметтік жобада бірнеше тренингтер, топпен жұмыс, логикалық сұрақтар, өзін-өзі дамытуға қатысты барлық жағдайлармен жұмыс жүргізілді. «Табысты әлеуметтік жобаны қалай құру керек?» деген сұраққа түрлі бағыттар бойынша жұмыс іске асты. 4 топқа белгілі бір тақырып таңдап сол бойынша жоба ойластыру туралы тапсырма берілді. Тапсырмаға 5 минут уақыт берілді. Мысалы: 5 минут уақыт аралығында әр топтан 4 мұнара құрастырылу керек болды. Мұнара құрастырған топтар оның биіктігін, көркемдігін, түрін, көлемін топ басшылары сипаттады. Жоба талдауда әр түрлі (смета, фандрайзинг,донор) теориялар атап өтілді. Сонымен қатар, семинар-тренингке қатысушыларға арналған кофе-брейк ұсынылды. Семинар соңында әркім өзіне алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, сертификаттармен марапатталды.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.