Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Мирас» клубының ұйымдастыруымен «Жалынды жастар-жасампаз елдің ертеңі» тақырыбында шара өтті.
Шараның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы президентінің халыққа жолдауына талдау жасау, жастарды белсенділікке баулу, өз ой пікірлерін айта білуге және ізденіс жұмыстарына баулу. Шараға «Мирас» клубының мүшелері қатысып, президент жолдауына түсініктемелер жүргізіліп ақпараттармен байланыстырылды. Қоғамда жүргізіліп отырған бағдарламалармен түрлі іс шаралар туралы мәліметтер айтылды. Жастарға әлеуметтік бағдарламалар соның ішінде «Дипломмен ауылға», «Серпін» «Бақытты отбасы» туралы нақты мәліметтер берілді. Қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, шара қорытындыланды.