URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

STUDUNION студенттік өзін-өзі басқару кеңесі

04.09.2019 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі менеджері А.А.Алиеваның бастауымен колледж президенті Әділгереев Артур мен колледж премьер министрі Канаева Балнұр «Бастау» коворкинг орталығында өткізілген STUDUNION студенттік өзін-өзі басқару кеңесіне қатысты. Кеңес жұмысына жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Әділгерей Зұлхаров, Орал студенттері альянсының көшбасшысы Муса Кунеев, «STUDUNION» студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары кеңесінің төрағасы Самат Рахымғалиев, жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының студенттік ректорлары мен президенттері қатысты. Кеңес барысында ұйымның жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары жасақталып, таныстырылды. Кеңес жұмысының негізгі бағыты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолдауын талқылау болды. «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Президент жолдауы жастарға жаңа серпіліс бергені анық. Студент жастардың пікір білдіру барысында «Болашақ педагог ретінде Президент жолдауында айтылған мұғалімдер жалақысының өсуі, жастарға тұрғын үй мәселесі, «Дипломмен ауылға» жобасын әрі қарай дамыту жөніндегі тапсырмаларды зор ықыласпен қабылдағандықтары, туған жерлеріне барып қызмет жасау үлкен мотивация екендігі, келер жыл «еріктілер жылы» деп жариялатыны жастарға үлкен серпіліс» болары  туралы айтылып өтті.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.