URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

«Таза қала» атты қала аумағында көпшілік сенбілік

«Жасыл ел-жасыл Орал» қалалық айлықтың сенбілік жоспарына сай, 06.04.19 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің мұғалімдер ұжымы және студенттерінің қатысуымен «Өзіңнен баста-Начни с себя!» ұранымен қоршаған ортаға деген жауапкершіліктерін арттыру мақсатында «Таза қала» атты қала аумағында көпшілік сенбілік ұйымдастырылды. Колледж ұстаздар ұжымы студенттермен бірлесіп «Светлая және Сырым Датұлы» көшелерінің қиылысын ретке келтірді – тұрмыстық қоқыстарды жинады.Сенбілік соңында колледж оқытушылары мен студенттері естелік суретке түсіп, жақсы ниетпен үйлеріне тарқасты.Осындай ұжымдық шаралардың адамдарға үлкен әсер беріп, олардың бір-біріне деген сенімдерін ұштай түсері де анық.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.