URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

«Жастар жылы-жаңа леп, жаңа толқын» атты жастар жылының ашылу салтанаты

2019 жылдың 2-сәуір күні, Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Жастар жылы-жаңа леп, жаңа толқын» атты жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Жастар жылының ашылу салтанатына спикер ретінде «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Н.Қ.Жолдасқалиев, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің жастар ісі-жөніндегі менеджері А.М.Махамбетова, АСК директоры М.С.Кунеев, агроколледждің жастар ісі-жөніндегі менеджері, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының әдіскері О.Мендіқұлов қатысты. Олар жастар – қоғамның қозғаушы күші, бүгінгі жастар креативті пікірге ие екендігін атап өтті. Сонымен қатар, Тәуелсіз Қазақстанның, оның Елордасы болған Астананың құрылуы, қалыптасуы, бүгінгі деңгейге жетуі осы есіммен – Нұрсұлтан Әбішұлымен тікелей байланысты болатынын, арыстан жүректі, құрыш жігерлі, нұр келбетті Нұраға туған халқы мен өзі бастап құрған Тәуелсіз мемлекеті үшін бүкіл саналы ғұмыры мен  ақыл-парасатын арнап келетінін, тәуелсіз Қазақстанның, оның Елордасы болған Астананың құрылуы, қалыптасуы, бүгінгі деңгейге жетуі осы есіммен – Нұрсұлтан Әбішұлымен тікелей байланысты екендігін, арыстан жүректі, құрыш жігерлі, нұр келбетті Нұраға туған халқы мен өзі бастап құрған Тәуелсіз мемлекеті үшін бүкіл саналы ғұмыры мен  ақыл-парасатын арнап келетіні туралы пікір білдірді. Кеш соңында колледжіміздің атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева сөз сөйлеп тілегін білдірді.  

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.