URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

№ 20 ЖОББМ «Мамандығым өмір жолым» атты тақырыбында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді

26.02 күні, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Л.А Нагимова мен Д.К.Гумарова № 20 ЖОББМ барып, «Мамандығым өмір жолым» атты тақырыбында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Мектеп директорының міндетін атқарушы Ұ.Б.Тлегенова, директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мунира Тулеугалиевамен жүздесіп, кәсіби-бағдар беру жұмысының мақсаты, маңызы туралы кеңесті. Мектептің акт.залына 9а, 9ә,9б,9в,11а,11б,11в сыныптары және сынып жетекшілеріне ОГТК мен таныстыру слайдын көрсетіп, жас талапкерлерді колледжге білім алуға шақырды. Мамандықтар туралы толық мағлұмат беріліп, қосымша мандандыру туралы айтылды. Колледжге бөлінетін мемлекеттік тапсырыс, грант бөлімінде оқуға да колледжде мүмкіндік бар екені мектеп оқушыларына түсіндірілді. Оқытушы Л.А Нагимова талапкерлерге арналған колледж сауалнамасын жүргізді. Мектеп оқушылары колледж мамандықтары туралы сұрақтарын қойып, тапсырылатын емтихандар туралы мәлімет алды. Колледждің мекен-жайы мен байланысын телефондары, интернет желісіндегі сайты туралы толыққанды мәлімет алды. Барлық оқушыларға колледж флаэры табысталды.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.