20 қараша күні Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласында қосқан үлестері үшін Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚҰРМЕТ грамотасымен, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.М.Сагидуллина алғыс хатпен марапатталды. Марапатты колледж құрылтайшысы Ш.Х. Құрманалина колледж ұжымы алдында табыстады. Марапат иелерін колледж ұжымы шын жүректен құттықтайды!