URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша арнайы мамандардың қатысумен кіріктірілген сабақ

09.10.18. Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Бөбек ұлттық ғылыми практикалық білім беру және сауықтыру» орталығынан «Өзін-өзі тану» пәні бойынша арнайы мамандардың қатысумен кіріктірілген сабақтар өткізілді. Жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы Мазгутова Дина Ерболатовна «Өзін-өзі тану» пәнінен «Внуренний покой-искреннее счаcтье» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа 3бРДО, 3бРШО топ студенттері қатысып білімдерін көрсетті. Сабақ барысында адамгершілік құндылықтар туралы айтылып, оқытушы адам бойындағы құндылықтарды балалардың бойына сіңіруде кәсіби шеберлік танытты. Студенттерге адами қасиеттердің бала кезден қалыптасып, өмір бойы шыңдалатындығын түрлі тәсілдермен жеткізе білді. Сабақта видеороликтер, өсиет әңгімелер, даналық сөздер, «Мейірімділік пен сүйіспеншілік» терегі арқылы көрсетті. 

Болашақ ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу қазақстандық қоғамда жалпыадамдық, жалпыұлттық, этномәдениеттік жеке тұлғалық құндылықтарын үйлесімді бірігуімен  бағдарланған, олар қоғамға қызмет етуде өзін толық пайдалану, өзінің мәнін және өмірдегі тағдырын білуге мүмкіндік береді. 

Осыған орай колледж ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 20 тамыздағы №365 және 2017 жылғы 2 мамырдағы №208 бұйрықтарына сәйкес «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үрдісіне интеграциялау бойынша пилоттық ұйым болып табылады.  

2018 жылдың 9-қазаны күні «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығынан бас ғылыми қызметкері, п.ғ.д., профессор Рысбаева Аршагуль Клышбековна, облыстық білім басқармасынан облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Д.Қ.Сағынаева, «Өрлеу» біліктілікті  арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру институтынан С.Н.Файзуллина, Ш.У.Арыстанова және қала мектептерінің өзін-өзі тану мұғалімдері келіп, оқу-тәрбие үрдісіне «Өзін-өзу тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасын» кіріктіру бойынша жасалып жатырған жұмыстармен танысты. 

 

Түске дейін оқытушы Д.Е.Мазгутованың 3бРШО, 3бРДО топтарындағы өзін-өзі тану пәнінен «Человеческие ценности» тақырыбындағы сабағына,  өзін-өзі тану пәнімен кіріктіріп өткізілген оқытушы Г.С.Шотованың 2б РШИ, 2б РШФ топтарындағы психология пәнінен «Характер» тақырыбындағы, оқытушы К.К.Косбаеваның қазақ әдебиеті теориясы пәнінен  «Тұрмыс –салт жырлары» тақырыбындағы сабақтарына қатысты. 

 Сабақтар аяқталған соң келген қонақтар өз пікірлерін айтып, оқытушы мен студент арасындағы жылы қарым-қатынас пен оқытушылардың шеберлігін баса айтты. Кіріктірілген сабақтарда жалпыадамзаттық құндылықтарды оқу пәнінің мазмұнына интеграциялаудың рухани-адамгершілік тереңдігін, сабақ жоспарын құрудағы шығармашылық қатынасты, құндылықтар мен оған сәйкес қасиеттерді аша білу біліктерін атап өтті. 

Колледж оқытушыларына арналған «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуы» тақырыбындағы дөңгелек үстел оздырылып,  Аршагуль Клышбековна ұжымға өзін-өзі тану, білім мағынасының құндылығын күшейте отырып, жеке тұлғаның риясыз сүю, өзіне және өз күшіне сену, жақсылық жасау, көп білу және өзін-өзі жетілдіру, дене, психологиялық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімділікке жету қабілетін ашатынын және дамытатынын түсіндірді.

 

Қазақстан Республикасы Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында «Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» деп атап көрсеткендей, пилоттық ұйым оқытушыларының негізгі мақсаты «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының, өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу басымдылығының мәнін күшейтуге бағытталуы қажет деді. 

 

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.