7-10 мамыр аралығында Алматы қаласында өткен «Жеті Өнер» ІІ Халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің музыка кафедрасының оқытушысы Н.М.Нурушева жетекшілік ететін «Seven stars» вокалдық ансамблі БАС ЖҮЛДЕНІ, оқытушы С.У.Шналиев жетекшілік ететін «Жайық толқыны» фольклорлық ансамблі жүлделі І орынды иеленді. Сағат Ұзакбайұлы, Нұргүл Мұратқызы, Сіздерге үлкен шығармашылық табыс тілейміз!