URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

Ашық сабақ "Шын дос - асыл қазына"

Ашық сабақ "Шын дос - асыл қазына"

Сабақтың мақсаты: Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн! Ұстаздар мен оқушылар! Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі. Бірақ кейбіреулер шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді. «Жостық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотель атамыз айтқандай бүгінгі сабағымызды жалпы дос туралы талқылайтын боламыз.
Оқушылар алдымен достық деген не, оны қалай түсінеміз, соны айырып алайып алайық. Сендер қалай ойлайсыңдар? Дос деген не?

Оқушылар: Дос дегеніміз екі адамның бір – біріне деген қарым – қатынасы.
Дос деген қиналғанда жанынан табылатын, көмектесетін жанашыр жан.

Жүргізуші: Иә, достық деген қасиетті сөз, қасиетті сезім, ол тек жөні түзу адамдар арасында ғана қалыптастырып, өзара құрмет негізінде ғана дамиды.
«Достықты жырлаймыз»
Досым, саған сенемін, сеніп өтем,
Жолды бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген – адамның көрігі екен,
Достық деген – ақылдың серігі екен.
Қыран – күлкі тамаша – бәрі осында,
Отырмын думан асып жатқанымен
Олқы тұр көңілім менің нанасың ба?
Ән: «Достар»

Жүргізуші: Ендігі кезекті ұлы даналарымыздың достық туралы нақыл сөздеріне берейік.
1. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» (А. Құнанбаев)
2. «Ең болмаса бір нағыз досы жоқ адам өмір сүрмей – ақ қойса болады» (Демокрит)
3. «Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды» (Омар Хайям)
4. «Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың» (Сенека)
5. «Дұшпандарының көптігінен қорықпа, олардың бірігуінен қорық» (Намада)
6. Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
7. Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп.
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп. (Махамбет Өтемісұлы)

Жүргізуші: Сәлем өрен достарым,
Өмірге кеп қосқаным.
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты – дей отырып, келесі кезекті әнге береміз.

Достық туралы мақал – мәтелдер:
1. Сенімді дос тірегің,
Қалдырма оны бір елі.
2. Досты кекетпе,
Сөзін екі етпе.
3. Достық мектебінде есеп пәні жүрмейді.
4. Алдымен достың қамы,
Содан соң бастың қамы.
5. Достардың пұлы ортақ,
Тілі ортақ.
Достардың дауы ортақ,
Жауы ортақ.

«Пікір алысу»
1. Жос пен жолдастың айырмашылығы.
2. Үш адам нағыз дос бола ала ма?
3. Нағыз дос қандай болуы тиіс?
4. Нағыз дос қандай жағдайда сыналады?

Д – дүниедегі
О - озық ойлы
С – сабырлы
Т – тұрақты
Ы – ыстық
Қ – қарым – қатынас.

Адам бойындағы жақсы қасиеттер, адамгершілік нормалары, әлемнің татулығы бәрі де осы достықтан бастау алады. Сол бастау сіздердің бойларыңызға қаланды деп сенемін.
Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса,
Қиыны сол, ауыры сол бізге аса.
Қайран достар, күн шуақ қой қыздырар,
Әлде кімге көңілің бір мұздаса.
Жамандыққа бастырмайды қаққылап,
Жолдас үшін басыңды бер, жат құлап.
Жақын өлсең тағы солар жүргені,
Жұмыспенен әрлі – берлі шапқылап.
Дос үйінде сайрандайды еркін ұл,
Жолдасы ғой жігіттің бір төркіні.
Тағы солар жалғыз тастап кетпейді,
Тұғырыңнан түсіп қалсаң бір күні.
Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,
Жеңілірек көтересің қазаны.
Содан шығар,
Адам бірге өмірге
Жолдасыменен туады екен ғажабы.

Қорытынды: Достығымыз әрқашан берік болсын! Келгендеріңізге көп – көп рахмет!

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.