Студенттерді қазағымыздың салт - дәстүрлерінің бірі – Ұлыстың Ұлы күнінің бастамасы - амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа баулу мақсатында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде 14 наурыз күні «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» тақырып аясында шаралар басталды.
Шара басталмас бұрын студенттерге Күн мен Түн теңелер Әз-Наурыз мерекесіне тура бір апта қалғанда тойланатын амал мерекесі туралы түсінік берілді:бұрын бұл күні бүкіл ауыл бір-біріне туыс жандардай қауқылдасып, емен-жарқын үй-үйді аралайтын. Әсіресе, үйінде қариясы бар жанұяларға ел-жұрт көрісе баратын. Бұндай үйдің базары көпке дейін тарқамайтын.
Осы дәстүр Қазақстанның тек батыс өңірінде сақталғандығын айта келіп, көрісу айтты соңғы жылдары жергілікті билік көпшілік шара ретінде атап өтуді жақсы ырымға айналдырып келе жатқандығына да тоқталып кеттік.
14 наурыз күні таңғы 7.45-тен бастап директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.К.Косбаева мен кәсіподақ төрайымы Л.А.Нагимова бастаған студенттер дәлізде 1 парға келген оқытушылар мен студенттерді көрісіп қарсы алып, бауырсақ пен тәттілер үлестірілді. Бұл шара тек 1 ауысымда ғана емес, 2 ауысымда да жалғасын тапты. Кейін топтарда көрісуге арналған тәрбие сағаттарына жалғасты.