URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

Орал гуманитарлық-техникалық колледжі 15-19 қаңтар 2018 жыл

15 қаңтардан бастап оқу бағдарламасына сәйкес екінші семестр басталды. Колледж бойынша 33 топ бар, топ жетекшілері Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын студенттермен топ сағаттарында танысып, талдады және алдағы уақытта да жалғасын табады.

Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Адамға қуат беріп, мерейін асырып, ерекше патриоттық сезімге бөлейтін музыкалық шығарма. Ереже бойынша Гимнді айтқанда жұртшылық орындарынан тұрып және оң қолын сол жақ кеудесіне жүрегінің тұсына қойып орындаулары керек. Аса маңыздысы – Әнұранды әр адам жатқа білуі міндетті. Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңбаның эталондық нұсқалары тәрізді Әнұран да ресми бекітіліп, заңмен қорғалады.

Студенттердің бойында қазақстандық патриотизмнің құндылықтарын тәрбиелеп, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында колледжде әр аптаның дүйсенбі күні сағат 8.30-да аудиторияларда Қазақстан Республикасының Гимні орындалды.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.