3–11 қыркүйек күндері Венгрия мемлекеті Будапешт қаласында армрестлингтен жастар, қыздар арасында өткен Әлем Чемпионатында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 2016-2017 оқу жылының түлегі Каупенова Кенжеқыз Әлем Чемпионы атанды.
7 қазан күні Орал гуманитарлық–техникалық колледжінің спорт залында волейболдан жоғарғы оқу және арнаулы орта оқу орындары оқытушылары арасында жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа 6 команда қатысты,нәтижесінде I орынды Жәңгір хан атындағы БҚАТУ командасы, II орынды Серебряков ЖОББМ-і, III орынды Орал гуманитарлық – техникалық колледж командасы жеңіп алды. Жарыстың үздік ойыншылары және I, II, III орын алған командалар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
13–14 қазан күндері самбо күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, самбо күресінен КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері Ж.С.Жәрдемовтың жүлдесі үшін қазақ күресінен жоғары оқу орындары және колледж студенттері арасында қалалық ашық турнирінде колледждің 4б КШФ студенті Малдыбаев Ерқанат ІІ орын, 2в КШФ тобы студенті
Ибрагимов Бақтияр І орынды жеңіп алды.
13–15 қазан күндері аралығында Сербия мемлекеті Нови–Сад қаласында самбодан жастар арасында өткен Әлем чемпионатында ҚР құрама командасының мүшесі колледждің 4кб КШФ тобы студенті Бақыт ЕрасылІІ орынға ие болып арнайы дипломмен және күміс медальмен марапатталды.
21–22 қазан күндері Алматы қаласында «Халық Арена» кешенінде Киокушинкай-кан каратэдан жасөпірімдер, жастар, қыздар, ерлер, әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионатында колледждің
4б РШФтобы студенті Шайнур Садыков 70 келі салмақ дәрежесінде III орынды жеңіп алды.
28 қазан күні «Орал» спорт клубының залында арнаулы орта оқу орындары студенттері арасындағы ұлттық спорт түрлерінен фестивальға колледж командасы қатысып, жалпы командалық есепте III орынды жеңіп алды.