URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

Экспо көрмесі

Шілде айында Орал гуманитарлық – техникалық колледжінің студенттері Экспо көрмесіне барып қайтты. Көрмеге жастар ісі жөніндегі менеджері Д.Е.Мазгутованың жетекшілігімен барлығы 11 студент барды.

Олар поезд арқылы жол жүрді. Топты «Әлем саяхаты» атты туристік операторлардың таныстырушысы қарсы алды. Оларды Астана қаласы Экспо қалашығының қонақүйлеріне орналастырды. Бағдарлама бойынша бірінші күні халықаралық «ЭКСПО-17» көрмесін аралау болды.

Балалар ұлттық павильонымыз «Нұр Әлем» мен басқа да ұлттардың көрмесін аралады. Олар ұлттардың мәдениетімен, тарихымен танысты. Көрменің үлкен аумағын Экспоның орталығында орналасқан 174 гектар көлеміндегі «Сфера» деп аталатын Қазақстандық шар алып жатыр. Сфераның төменгі бөлігінде ұлттық павильон мен энергетиканы құрастырушы қазақстандық ғалымдар туралы айтылған. Шар негізінен сегіз бөлікке бөлінген. «Болашақ энергиясында» жасыл желек технологиясының нәтижелері мен келешегі туралы айтылған.

 

«Сфера» айналасында тақырыптық және халықаралық павильондар мен өнер әлемі, амфитеатры, «Экспо балалар ойын - сауық» алаңы орналасқан.

Балалар 3 топқа бөлініп, павильондардың аз ғана бөліктерін аралап үлгерді. Мысалы: Греция, Австрия, Өзбекстан, Люксембург, Франция, Ресей, Германия, АҚШ, Қытай және «Сфера».

Ең бірінші Греция павильонымен танысты. Павильонның мақсаты: «Ауа энергиясы». Мұнда техникалық-энергияның көзі болып табылатын көмірқышқыл газы мен жел энергиясы туралы мәлімет алды.

Австрия павильонында «Austrian Power Machine»(Австриялық машина қуаты)көрді. Сонымен қатар Smart Metering екі жақты байланыс электрлық өлшемнің күш қуаты, қосылу мен айырылудың жойылу қуаты туралы түсініп білді. Ал Өзбекстан павильонында жаңартылған сән үлгідегі машиналардың үлгісі берілген.

Ал Люксембург павильонында үш бөлікке бөлінген бөлмелер болды. Бірінші – Жалпы энергия көзі, екінші-энергиялық көзқарас(болашаққа көзқарас), ал үшінші - технологиялық энергия(энергияны үнемдеу, электроэнергияның әдіс – тәсілдерін меңгеру).

Франция павильоны өсімдіктерге ешқандай зияны жоқ құрылғымен жүретінжаңа үлгідегі «Пежо» машинасын көрсетті. Ал Ресей елі Антарактидадан әкелінген айсбергтарымен балаларды таңғалдырды.

Германия екі бөліктен тұратын: «Болашақ картасы» мен «Қала болашағы». Мұнда энергетиканың түрлі экспонаттарын қолмен ұстап, сезінуге мүмкіндік алды.

Қытай павильонында көрермендер болашақ жылу энергиясының көзін қайдан алуға болатындығы туралы шағын видеоматериалды тамашалады.

Балаларға ең үлкен әсер қалдырған сәт – «Энергетикалық шоу». Адамдардың энергия қуаты арқылы шапшаң қозғалыспен айналып қозғалатыны барлығын таң қалдырды.

Қорыта айтқанда, барлық елдердің өзіндік ерекшеліктері бар, бірі экологиялық тазалықты, бірі қоршаған ортаның зиянсыз әрекеттерін, енді бірі жаңа технологиялардың сапаларын көрсеткісі келген.

Сонымен қатар студенттер Астана қаласының көрікті де әдемі жерлерін аралады.

Екінші күні балалар «Астана-Бәйтерек», Тәуелсіздік алаңы, Ынтымақтастық және бейбітшілік алаңы, «Хазірет Сұлтан» мешіті, Әскери мұражайларын аралады.

«Экспо-2017»көрмесі мен Астана қаласының көрікті жерлері студенттерге көңілді де қатты әсер қалдырды.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.