24 қараша күні кафедра оқытушылары Ж.Ж.Нәбиева, М.В.Амиргалиева «Педагогикалық оскар» тақырыбында педагогикалық олимпиада ұйымдастырды. Шараға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ф.К.Макашева, ғылыми – әдістемелік кабинет әдіскері Н.К.Султанова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.С.Нурмукашева, колледж психологі Э.Мамытбаева, кафедра оқытушысы Ж.Бексариева қатысты. Олимпиада кезеңдері • Таныстыру • Педагогика пәні бойынша теориялық білімдерін тексеру • Сабақ көрсету • Жағдаяттар шешу Олимпиадаға 4 курс студенттері қатыстырылды. Ұйымдастыру бөлімінде «Бюмба - Юмба» сәлемдесу жаттығуы жүргізілді.Студенттер бір бір-бірлерімен дәстүрден тыс амандасудың түрлерімен сәлемдесті. «Таныстыру» кезеңінде 4 б РШО «Надежда» , 4 б СП «Болашақ ұстаз», 4 б КШИ «Эврика», 4 б КДО « Білімді балдырған», 4 б КШТ «Болашақ» болып өз топтарының ұранымен, топ эмблемасымен таныстырды.Екінші кезең «Педагогика пәні бойынша теориялық білімдерін тексеруде» барлық топтар өз білімдерін сынады. Олимпиаданың «Сабақ көрсету» кезеңінде әр топ машық кезінде жүргізген сабақтарын таныстырып, сабақ кезінде қолданылған технология әдістерін залдағы көрермендерді қатыстырып көрсетті. Тақырыптарға сәйкес видеороликтер көрсетілді.Үшінші кезеңде топ студенттеріне жағдаяттар берілді.Барлық топ берілген жағдаяттарды көрініс арқылы сомдап, ролдерге бөлініп, жағдаяттың шешу жолдарын көрсете білді.Сайыс соңында I орын 4 б КШИ, II орын 4 б СП, III орын 4 б РШО, қалған топтар: 4 бКШТ «Өнерлі», 4б КДО «Шығармашыл » номинацияларымен марапатталды. Шара мақсатына жетті.
жаттығу барысы
4 б КДО тобы 4 б РШО «Надежда»
4 б СП «Болашақ» 4 б КШИ «Эврика»
топтардың таныстыру сәті
4 б КДО студенті Р.Есендиярова 4 б РШО студенті З.Кощенко
4 б СП студенті Н.Имашева
Студенттердің сабақ беру сәтінен көрініс
топтардың жағдаяттарды шешу сәттері
4 б КШИ 1 орын 4 б СП 2 орын
4 б РШО 3 орын
|