02 қазан күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжі ұйымдастыруымен Білім беру жүйесінде 50 жылдан астам еңбек еткен колледж құрылтайшысы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қызметкері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық ғылымдар академиясының, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы аналар Кеңесінің төрағасы, Ел анасы атағы иесі Педагог-ғалым Шалқыма Хайроллақызы Курманалинаның 80 жылдығына арналған «Ш.Х.КУРМАНАЛИНАНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ ЗАМАНАУИ САБАҚТАСТЫҒЫ: БІЛІМ. ТӘРБИЕ. ИННОВАЦИЯ. ҚОҒАМ.» педагогтерге арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға республикамыздың көптеген ТжКББ оқу орындарының, мектептерінің оқытушылары қатысты. БҚО әдістемелік орталығы директорының орынбасары Масалимов Али Хайдарович педагог-ғалым Шалқыма Хайроллақызы Курманалинаға құттықтауын жеткізіп, конференцияға қатысушыларға жұмыстарына сәттілік білдірді. Пленарлық отырыста сөз алған Ш.С.Набидоллина- Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Сагидуллина Асима Муратовна, Орал гуманитарлық-техникалық колледжі директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары, «Математика» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-шебер, Кайрлиева Алтынгул Жаксыгуловна, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директоры, педагогика ғылымдарының магистрі, Аманбаева Ақтоты Аманбаевна, Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің педагогика, психология пәндері оқытушысы, шара қонақтары Ергалиева Гульжан Алгазиевна - М.Өтемісұлы ат. БҚУ п.ғ.к, доценті, Хабиева Дина Гарифуллаевна– М.Өтемісұлы ат. БҚУ PHD докторы, мектепке дейінгі оқыту кафедрасы менгерушісі, ғалымның еңбектеріне, ғылыми, қоғамдық жұмыстарына тоқталып, құңды ақпараттармен бөлісті.
Конференцияға 200 жуық баяндамалар келіп түсті. Жұмыс барысында әр бағыт өз залдарына өтіп, сарапшылар Бейсенова Айнаш Қызырқановна, Абай облысы, «Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК директорының оқу-әдістемелік жұмысы орынбасары,Вербицкая Ботакөз Курмангазиевна – БҚО, Жаңақала ауданы, Бірлік орта мектебі оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Шотова Галия Садуакасовна, Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің педагогика, психология пәні оқытушысы, педагог-шебер, педагогика ғылымдарының магистрі, баяндамаларды тындап сұрақтырн қойып, қорғатты. Конференция жұмысын шараға қатысып, барлық бағыттарды тындаған шара кейіпкері педагог-ғалым Ш.Х.Курманалина қорытындады.








































