Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Достық үйінде, БҚО ҚДБ «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен, Батыс Қазақстан облысы Аналар алқасының және Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің бірлесуімен Отбасы күніне орай «Еліне азамат тәрбиелеген отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі мен рөлін арттыру, отбасы мен білім беру ұйымдарының өзара байланысын нығайту, сондай-ақ қазіргі заманғы отбасы тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелерді бірлесе талқылау болды. Сонымен қатар ата-аналар арасында тәжірибе алмасып, тиімді тәрбие тәсілдерін насихаттау, отбасындағы бірлік, сыйластық, жауапкершілік пен еңбекқорлық секілді құндылықтарды кеңінен дәріптеуге басымдық берілді.
Дөңгелек үстел пікір алмасу және кейс-стади форматында ұйымдастырылып, қатысушылар бала тәрбиесі, отбасылық құндылықтарды сақтау, жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбие мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері төңірегінде өз ойларын ортаға салды.





































